Приемная

+7 714 2549235
Кризисный центр

+7 714 222-65-32
www.kostanaypsihbol.kz
казакрусский
Жаңалықтар

Мемлекеттік тіл тілге тиек болды

 

Өткен аптада «Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінде бас дәрігердің міндетін атқарушы Абат Бекболатұлы Жауковтың қолдауымен мемлекеттік тілге қатысты арнайы кездесу ұйымдастырылды. Аурухананың дәрігерлері, бөлімше меңгерушілері, аға медбикелерімен қатар аурухана әкімшілігі түгел қатысқан аталмыш кездесуге «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінен арнайы шақырылған бас маман келіп, «2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту және жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның» үшінші кезеңін жүзеге асыру қарсаңында, құжаттарды және іс-қағаздарды мемлекеттік тілде толтыру тәртібі, жеке тұлғалардың өтініш-арыздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен өткізуге қатысты заң мен талап тұрғысынан біршама мағлұматтар алды. Ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің бас маманы Айжан Садуақасова, мемлекеттік тілдің маңызы мен мемлекеттік мекемелерде алатын орны жайлы айта отырып:

  • «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы өзге «Салық туралы» немесе басқа да заңдар сынды бұлжытпай орындалуы тиіс. Қазақ тілі - біртұтас мемлекеттік тілі. Конституциямызда бұл тілдің «мемлекеттік» деген мәртебесі бар, - деп баса айтты. Ол сөздерін нақты мысалдармен және Конституциядағы арнайы баптармен көрсетіп өтті.

 

      

 

Важная информация

 

Интернет-ресурсы
Заказ товара
x